Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Иманғали" орталық мешіті Наурыз көже сайысында үздік атанды

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Ұлыстың ұлы күні, 22-наурыз мейрамында ҚМДБ-ы мұнайлы өңірдегі өкілі Батыржан Берденұлы басқарып отырған "Иманғали" орталық мешіті облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен, "Жүректен жүрекке" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен "Наурыз көже" сайысында жүлделі 1-орынды жеңіп алды.

Ұлттық наурыз көженің шығу тарихы Ислам дінінде жатыр десек, оның түпнегізі сонау Нұх (с.ғ.) заманына тіреледі. Нұх (ғ.с.) топан су тартылып, қауымымен кемеден жерге түскен кезде қалған-құтқан дақылдарды пісіріп, "Ашура тәттісін" жасаған екен. Бұл кейін мұсылмандардың "Ашура"  күндері  бір-бірін "Ашура тәттісімен" қонақ ету дәстүріне айналған. Міне, әдет-ғұрпы Ислам дінімен біте қайнасқан халық салтындағы наурыз көже пісіру  дәстүрі де осыған ұқсайды. Яғни, халқымыз наурыз мерекесінде қыстан қалған дорба түбіндегі дәнді-дақылдар мен сүр еттен (қазы) көже дайындап, бір-біріне дәм таттырады.         

Айта кету керек, мереке күні "Иманғали" орталық мешітінің ұжымы наурыз мейрамының жоғары деңгейде өтуіне атсалысқаны үшін қалалық әкімдік тарапынан марапатталып,  "Алғыс хатқа" ие болды.

"Иманғали" орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Жоғарыға