Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Зинеден Құрасұлы» мешітінде Наурыз мерекесі атап өтілді

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

21-Наурыз күні Исатай аудандық «Зинеден Құрасұлы» мешітінде ауданның бас имамы Құрметқали Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен «Наурыз мерекесі – халық берекесі» атты тақырыпта Наурыз мерекесі атап өтілді. Мешіт ауласында 120 адамдық киіз үй тігіп мерекелік дастархан жайылды. Оған аудан әкімінің орынбасары Мәди Рахымұлы, ардагерлер Бектенов Мұрат, Сапаров Кәки, аудандық мәдениет үйі басшысы Роза Ибыраймқызы, мекеме басшылары және мешіт жамағаттары барлығы 100 ден астам адам қатысты.

Күй мен термелер шырқалды. Ауданның имамы Қ.Бақтығұлов бірлік, сабырлылық, шүкіршілік туралы уағыз-насихат айтты. Күй мен термелер шырқалды. Аудан әкімінің орынбасары Мәди Рахымұлы, ардагер аға Бектенов Мұрат, Кәки Сапаров т.б өз тілектерін білдіріп, ауданның бас имамы Қ.Бақтығұловқа ризашылықтарын білдірді.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

«Зинеден Құрасұлы» мешіті

Жоғарыға