Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Әт-тақуа» мешіті тарауих намазын оқыған қариға құрмет көрсетті

«Әт-тақуа» мешіті тарауих намазын оқыған қариға құрмет көрсетті

23-маусым күні «Әт-тақуа» мешітінде тарауих намазы аяқталып, хатым дұғасы жасалды. Айта кету керек, тарауих намазы мешіт тарихында биыл ең алғаш рет оқылып, алғаш рет Құранға сусаған жамағаттың басын біріктірді. Бұл талай жылдар арманға айналған жамағаттың асыл арманы болатын.

Осы орайда мешіттің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы Алла үйінде тарауих намазының оқылуына мүмкіндік тудырып, қаримен қамтамасыз етуде ықпалы зор ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлына алғысының шексіз екенін жеткізді. Және отыз күн оразада мешіт жамағатын тарауих намазына ұйытқан Мехмет Шакир Ағаһты құрметпен ортаға шақырып, алғыс сезімін білдірді. Қазақы дәстүрімізге сай шапан жауып, ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

 

 ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

баспасөз қызметі, қалалық «Әт-тақуа» мешіті

 

Жоғарыға