Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Мәулімберген» мешітіндегі Қадір түні

Атырау қаласына қарасты «Алғабас» ауылдық «Мәулімберген» мешітінде өткен Қадір түніне жиналған жамағаттың қарасы қалың болды.

Қадір түнінде мешіттің бас имамы Мақсот Бағытжанов Қадір түнінің қадір-қасиеті туралы уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қадір түнін мешітте өткізген жамағат сәресіде мешіт жанындағы киіз үйлерде ауыз бекітісіп, таң бозарып ағара бастаған сәтте тарқасты.

Айта кету керек, Рамазан айында мешіт ұжымына «Кең өзек» ауылдық округының әкімі Сәден Лұқпанов және жеке кәсіпкер Өтеміс Боранбайұлы қаржылай қолдау көрсетіп, жамағаттың ыстық ықыласына бөленді.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі

бойынша баспасөз қызметі,

«Мәулімберген» мешіті

Жоғарыға