Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жарсуат ауылында рухани кеш болып өтті

Индер ауданына қарасты Жарсуат ауылдық мешітінің имамы Құраш Рспаевтың ұйымдастыруымен Жарсуат ауылында «Мәңгілік  шырақ – Мұхаммед (с.ғ.с)» атты тәлім-тәрбиеге толы рухани кеш болып өтті.

Екі дүние сардары Мұхаммедтің (с.ғ.с) өнегелі өмірі мен ғибратты ғұмырын насихаттау, өскелең  ұрпақтың бойына имандылық, ізгілік сынды жақсы мінез-құлық қалыптастыру мақсатында өткен кешті Индер аудандық «Әйіп қажы» мешітінің наиб имамы Ерлан Сағынұлы Құран оқып ашты.

Ал, Жарсуат ауылдық мешітінің бас имамы Құраш Рспаев шара меймандарын пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өнегелі өмірімен таныстырды. «Алла елшісінің (с.ғ.с) үмметінен болу мұсылман қауымы үшін зор нығмет» деп атап өтті ол.

Өкіл имамның атынан қатысқан «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Ержан Қағазғалиев Атырау облысының бас имамы Батыржан қажы Берденұлының  сәлемі мен құттықтауын жеткізді.

Кеш барысында илләһи әндер, термелер орындалып, мағыналы қойылымдар көрермен назарына ұсынылды.

 

   Жарсуат ауылдық  мешіті. 

Жоғарыға