Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бір топ имам Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Мансұров жетекшілік ететін мұнайлы өңірдің бір топ имамдары Атырау аймағының әкімі Нұрлан Ноғаевтың Алғыс хатымен марапатталды.   

Арнайы марапатты дін қызметкерлеріне Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова тапсырды. Атырау облысы әкімдігінде өткен салтанатты шарада орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев, Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров, Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Артық Жұмабекұлы, Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев, Мақат ауданының бас имамы Дәурен Құттыбаев және Құрманғазы ауданының бас имамы Мейрамбек Қожахметовке облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың құттықтауы жазылған Алғыс хат табысталды.

Шара барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова дін саласында өнімді еңбек атқарып жүрген имамдардың еңбегін жоғары бағалап, халықты діни ағарту ісінде табыс тіледі.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі. 

  

Жоғарыға