Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Әйел-қыздар секторының жылдық жұмыс жоспары талқыланды

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша  Әйел-қыздар секторы ұстаздары орталық «Иманғали» мешітінде бас қосты.

Мәжіліс барысында сектордың жылдық жоспары талқыланып, нақты тапсырмалар берілді. Жиналысқа Мақат, Исатай, Құрманғазы аудандарында қызмет етіп отырған ұстаздар да қатысты.

 Асыл дінімізді бұқара арасында кеңінен насихаттау, халық-ағарту жұмыстарына белсене қатысу мәселелері талқыланған жұмыста Әйел-қыздар секторының жауапты ұстазы Зарина Жукенова әріптестерін сауабы мол жұмыста бірлесіп нәтижелі еңбек етуге шақырды.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


Жоғарыға