Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жастар Әт-Тақуа мешітіндегі айлық отырыста бас қосты

Тәуәссул мәселесінің мәні және маңызы. Атырау қаласындағы Әт-Тақуа мешітінің ұстазы Дәрібай Нұрсұлтан ұстаз мешіттің жастар жаматағымен айлық дастарханда бас қосып, осы тақырыпта уағыз айтты.

Ұстаздың атап өтуінше, тәуәссул пайғамбарымызды (с.ғ.с) араға қойып Алладан тілектер сұрау. «Бұл мәселеге қатысты мыңдаған мысалдар бар. Бізге жеткен деректердің бірінде пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дәуіріндегі мына бір оқиға баяндалады. Бірде екі көзі су қараңғы көрмейтін адам көздерінің ашылуы үшін пайғамбарымыздан (с.ғ.с) дұға етуін сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Қаласаң дұға етемін. Бірақ, сабыр етіп, шыдасаң сен үшін одан да жақсы болады» деді. «Сабыр етуге күшім қалмады. Дұға етуіңіз үшін жалынамын» деп жауап берді зағип адам. Алла Елшісі (с.ғ.с) оған дәрет алып,  дұғаны оқу туралы айтады. Әлгі адам дұғаны оқыған кезде Алла Тағала дұғасын қабыл етіп, көзінің ашылғанын хадис ғалымы Имам Нәсаи білдіреді» деген ұстаз жастар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

 

Жоғарыға