Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

АТЫРАУДА ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Атырау өңіріне сапары барысында Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің "Дін мəселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне талдау орталығы" мекемесінің директоры Айнұр Əбдірасылқызы орталық "Иманғали" мешітінде әйел жамағатымен кездесті.

Қырыққа жуық әйел азаматтардың басын қосқан тағылымды кездесуде спикер Айнұр Әбдірасылқызы қоғамда орын алып жатқан көптеген толғақты мәселелерді көтерді. Соның ішінде тексіз туылып жатқан балалардың көбеюі, отбасы құндылықтары, абақтыда отырған бауырларымыздың ораза ұстау мəселелері туралы əңгімелер қозғалды. "Қазақтың қайсар ұлы Бауыржан Момышұлы "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деп, керемет өсиет қалдырған. Расымен де, қоғамның қандай болатыны, кез келген ұлттың болашағы әйелдерге тікелей байланысты. Себебі, әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді" деп атап өтті кездесу барысында "Дін мəселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне талдау орталығы" мекемесінің директоры Айнұр Əбдірасылқызы.

Айта кетелік, орталық "Иманғали" мешіті жанынан құрылған "Əжелер мектебінің" төрайымы Жұмагүл Нəсиқызы, Елена Ізімқызы, көптеген қажы аналар, студент жастар, жалпы мешіт жамағаты қатысқан шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау өкілдігі бойынша Әйел-қыздар секторы ұйымдастырды.

            Атырау облыстық "Иманғали" орталық

мешітінің баспасөз қызметі



 

 

Жоғарыға