Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ҚМДБ "ХАЛАЛ ДАМУ" ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында шілде айының 3 мен 5 аралығында «Astana Finance Days» форумы шет ел басшыларының, Нобель және Пулитцеров сыйлығы иегерлерінің, сонымен қатар, халықаралық қаржы институттарының басшыларының басын қосты.

 

Astana Finance Days – жаһандық мәселелерді талқылауға және шешуге арналған жыл сайынғы сұхбат алаңы.

Өзінің ауқымы бойынша бүкіл Еуразия кеңістігінде теңдесі жоқ бұл форум әлемдік көшбасшылардың, халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың, саяси және қоғам қaйраткерлерінің, түрлі қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің басын қосты. Әлемнің 40-тан аса елінен 150-ден аса спикері экономика, қаржы, экология және ақпараттық технология саласындағы эксперттік білімдері  және тәжірибелерімен бөлісуде.

«Astana Finance Days» форумына  ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ң директоры Б.Мырзагелидев пен бас эксперт-технологы А.Қуанышқызы қатысты.

«Astana Finance Days» форумының «Ақпараттық технология ғасырындағы Ислам экономикасы» бағдарламасы аясында сөз сөйлеген ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын ислам экономикасы тек қана ислам қаржы саласын қамтымайтындығын, құрамына басқа да салалар енетіндігін және әр саланың ислам әлемінде маңызды әлеуметтік-экономикалық рөлге ие екендігін айта келе, ислам экономикасының бір саласы ретінде Қазақстандағы халал индустриясын дамытуда жұмыс атқаратын ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС мен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры жөнінде сөз қозғады.

Еліміздің ішкі нарығындағы өнімдердің халал талаптарына сәйкестендіріліп, бірізділікке түскенін және Қазақстанда халал  индустриясының дамып келе жатқандығын,  сенімді әрі таза өнімді шет ел нарығына  экспорттау үшін орта және шағын бизнестегі кәсіпорындардың халал стандартқа сай жұмыс атқарып жатқандығын, аз уақыттың ішінде ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ң халал саласында нақты, нәтежиелі жұмыстардың атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.

muftyat.kz

Жоғарыға