Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Иман бақшасы» тобының шәкірттері білімдерін сарапқа салды

Жазғы маусым  мезгілінде Атырау облысының орталық «Иманғали» мешітіне қарасты барлық құлшылық үйлерінде сауат ашу курстарының өтіп жатқаны белгілі. Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Әйел-қыздар» секторының Атырау өкілдігінің ұйымдастыруымен, «Иман бақшасы» тобында ашық сабақ өтті.

            Шәкірттер өзара «Ислам» және «Болашақ» топтарына бөлінді. Бірнеше бөлімнен құралған ашық сабақта шәкірттерге деңгейлі тапсырмалар берілді. Бірінші бөлімде шәкірттер өздерін таныстырды. Сенім, ғибадат тақырыптары бойынша алған білімдерін сараптау мақсатында, екінші бөлім қайталауға арналды. Үшінші бөлімде шәкірттер бір-біріне ізгі тілектер арнап, сабақ өзара сыйлық тартумен аяқталды.

            Ашық сабақ барысында бүлдіршіндер «Дін дегеніміз не? Ол нешіге бөлінеді?  Ислам дінінің мақсаты қандай, ол қандай дін?  Мүмин кім? Мұнафық кім?»  деген сынды сенім турасындағы көптеген сауалдарға жауап берді. Сондай ақ, шәкірттер ислам мен иман шарттарын,  періштелерге иман келтіру, ғибадат, парыз сүннет,  дәреттің парыздары сынды тақырыптар бойынша алған білімдерін сарапқа салды. Ашық сабақ барысында шәкірттерге Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жылы дүниеге келді? Алла Елшісінің (с.ғ.с) әкесі мен анасының, атасының, сүт анасының есімдері кімдер?  Піл оқиғасының мәні неде?  Ең алғашқы түскен аят қандай?» деген сынды сауалдар да қойылды. Сондай ақ, ілім алушы бүлдіршіндер ас  ішерде, ас ішіп болған соң айтылатын дұға, ұйықтар алдында, ұйқыдан оянған соң оқылатын дұғаларды қайталап, мұсылман ғибадаты жөнінде кеңінен ақпарат алды.

            Шара соңында бүлдіршіндерге  «Мұсылман қорғаны» және «Күнделікті айтылатын дұға-тілектер» кітабы таратылды.

«Біздің шәкірттеріміздің арасында мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар бар. Олар періштедей пәк, бейкүнә болғандықтан, топтың атын «Иман бақшасы» деп алуды ұйғардық. Себебі, біз сәбилердің бала шақта алған білімі олардың болашағының іргесін қалайтынына  сенеміз»  дейді ұстаздар.

            Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға