Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жылыой мешіті 50 оқушыға мектеп құралдарын тапсырды

Еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан «Мектепке жол» қайрымдылық акциясына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы белсенді түрде атсалысуда.
    Кезекті игі шараның бірі Атырау облысына қарасты Жылыой ауданының орталық мешітінде болып өтті. Қайрымдылық акциясы кезінде 50 оқушы балаға мектеп сөмкелері таратылды.
    "Игі шарада әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты аналар, көп балалы аналардың мектеп жасындағы балаларына оқу құралдары салынған сөмкелер үлестірілді. Дінімізде білім алуды әрбір адамзатқа парыз еткен. Сондықтан да, талмай білім алуға, ата-анаға мейірімді болып, ұстаздарды құрмет тұту парыз" дейді Жылыой ауданының Бас имамы А.Исаев.
    Алла баршамызға екі дүниенің пайдалы ілімін нәсіп етсін!


     Жылыой аудандық мұсылмандар мешітінің баспасөз- қызметі.

 

Жоғарыға