Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда Бас мүфти жүлдесі үшін бесінші республикалық турнирдің іріктеу кезеңі өтті

Қазақстан Тәуелсіздігінің бас символы - Астана қаласының жиырма жылдығына орай, 28 қазан күні елордада Бас мүфти Серікбай  қажы Ораз жүлдесі үшін қазақша күрестен бесінші республикалық турнир өткелі отыр.

          Аламан бәйге қарсаңында бүгін Атырауда аталмыш турнирдің іріктеу кезеңі болып өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Мансұровтың қолдауымен  ұйымдастырылған қазақша күрестен турнирдің іріктеу сындары тартысты өтті. Өңкей палуандар сынға түскен сайыста Бекболат Салықов оқ бойы озып шығып, бірінші орынды жеңіп алды. Турнирдің республикалық кезеңіне жолдама алған палуандардың қатарын Руслан Ізғалиев толықтырды. Бірінші орынды жеңіп алған палуан Бекболат Салықовқа 70 мың теңге тапсырылды. Екінші орын иегері Руслан Ізғалиевқа 50 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы бұйырды. Үшінші орын алған Руслан Багеновке 30 мың теңге берілді.

          Іріктеуден өтіп, бірінші және екінші орынды иемденген  кәсіпқой  палуандарымыз енді байрақты бәсекеде Атырау облысының намысын қорғайтын болады.

          Айта кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  Бас мүфти Серікбай  қажы Ораз жүлдесі үшін қазақша күрестен республикалық турнирді дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырып келеді. Ондағы мақсат - халықтың бірлігін нығайту. Жамағатты бауырмалдық пен кішіпейілділікке үндеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.

 

 

 

          Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға