Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Ынтымақты елге бақ қонады

Ынтымақты елге бақ қонады

Атырау қалалық Құспан молла мешітінде жамағатқа арналған айлық отырыс өтті.

Ақсақалдар легімен бірге, жас буын өкілдері қатысқан жиында орталық "Иманғали" мешітіне күні кеше ғана наиб имам болып тағайындалған Ерболат Боханов жамағат бірлігі жөнінде уағыз айтты.

"Әнәстан жеткен хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.c) былай дегені хабарланады: "Өзіне қалайтын нәрсені бауырына да қаламайынша, сендерден ешкімнің иманы толық болмайды". Яғни, мұсылман мұсылманның бауыры, ол оған еш уақытта тілімен де, қолымен де жаманшылық жасамайды, келеке етпейді, малына, арына сұқтанбайды. Бұл иләһи қағида, исламдағы ең ұлы ұғымдардың бірі. Асылында, исламдағы бауырмашылдық сезім Алла Тағаланың ықыласты, тақуа мұсылман құлдарының бойына дарытатын иләһи қасиет" деп атап өтті ұстаз Ерболат Боханов жамағатпен кездесу кезінде.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға