Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


"Сұлтан Бейбарыс" мешіті алғашқы шәкірттерін шығарды.

"Сұлтан Бейбарыс" мешіті алғашқы шәкірттерін шығарды.

Білім алу – әрбір мұсылман үшін міндет. Бүгінде, әсіресе діни сауат ашуға ынталы жастардың қатары күн санап артып келетіндігі қуантады.

Бүгін Атырау қаласындағы "Сұлтан Бейбарыс" мешітінде бас имам Ержан Қағазғалиев мешіттің алғашқы түлектерін марапаттады. Бір айға созылған Құран курсына отызға жуық шәкірт қатысты. Құранға жаңадан түскен шәкірттерге Бахрайн Құрандары үлестіріліп, мешіт атынан арнайы сертификат табыс етілді. Осылайша мешіттен сауат ашқан шәкірттерге марапат ұсынылып, бас имам оларға ыстық лебіздерін арнады. Білім атты бітпес қазынаның кілті бұйырып, ілімдерің артсын деген ізгі тілектерін жеткізеді.

 

Жоғарыға