Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Берік Мадияров Умра қажылығына жолдама ұтып алды

Берік Мадияров Умра қажылығына жолдама ұтып алды

Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров жариялаған бəйге қорытындыланды. Бəйгенің бас байрағы - Умра қажылығына жолдама Берік Мадияровқа бұйырды. Бұған дейінгі турларда да өзгелерден озық келген Берік сайыс кезеңінде 332 ұпай жинақтады. Ұпай санына қарай, бірінші орын Серболат Байжановқа бұйырды. Оған 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы тапсырылды. Шəкірттер - Əділжан Қаламғалиев пен Шахзод Досанов екінші жəне үшінші орындарды өзара бөлісті. Олар осылайша 80 мың теңге мен 50 мың теңге аралығындағы сыйақыны иемденді. Ілім бəйгесі осылайша, шəкірттерге ерекше қуаныш сыйлап отыр.

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға