Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Орталық «Иманғали» мешітінің ауласына отыз түпке жуық ағаш отырғызылды

Атырауда мұнайлы өлкенің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен ағаш егілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің  ауласына егілген ағаш отырғызу акциясына құлшылық үйінің жамағаты тікелей атсалысты. Осылайша, мешіт ауласына бір мезгілде отыз түпке жуық ағаш көшеттері егілді.

«Тарихтан Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ағаш отырғызып, өзі өзгеге үлгі болғанын білеміз. Алла Елшісі (с.ғ.с) Меккеден Мадинаға көшіп келген кезінде Мадинаның батпағын кетіру үшін айналаны қоршай ағаш еккен.  Алла Елшісінің (с.ғ.с): «Бір мұсылман бір ағаш отырғызса немесе бір нәрсе ексе және одан бір құс, бір адам немесе жануар жесе, ол адам үшін садақа болып есептеледі» (Бұхари) деген хадисі бар. Тағы бір хадисте: «Бір адам бір ағаш отырғызса, (амал) дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады» делінген.Олай болса мол сауапқа себеп болар іске жамағаттың жұмылуы игі іс» дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облысының Бас имамыБатыржан Мансұров.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


Жоғарыға