Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Атырау облысының Жастар секторы жұмыс жоспарын бекітті

Атырау облысының Жастар секторы жұмыс жоспарын бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Жастар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі жаңа жылдың жұмыс жоспарын жасақтады. 

         Атырау облыстық орталық "Иманғали" мешіті жанынан құрылған "Иман жастары" еріктілер тобының басын қосқан ұстаз, жергілікті Жастар секторының жетекшісі Мұрат Мұстафаевтың айтуынша, жұмыс жоспарының негізгі бағыты қайырымдылық, ілім жинау, мешітшілік түрлі сипаттағы рухани шараларды бірлесе атқару жобаларына арналып отыр.

         "Біздің басты мақсатымыз -  жастар арасындағы  ауызбірлікті нығайту. Жастардың рухани тұрғыда дамуына мүмкіндік туғызу" дейді ұстаз Мұрат Мұстафаев.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға