Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

БАС МҮФТИ ƏБУ-ДАБИДЕ БАСТАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУДА (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Біріккен Араб Əмірліктерінің астанасы Əбу-Даби қаласында басталған "Бүкілəлемдік адамзаттың бауырмашылдығы" атты халықаралық конференция жұмысына қатысуда.
Халықаралық басқосуда Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Өзбекстан мүфтиі Османхан қажы Алимовпен, Ресей мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары Рушан Аббясовпен бүгінгі мұсылман  үмбетінің діни тұтастығы,  ортаазиялық діни мектептің бүгіні мен болашағы, əлемдік діндераралық келісім мен диалогтың өзектілігі жайлы сұхбаттасты.
"Бүкілəлемдік адамзаттың бауырмашылдығы" атты халықаралық конференцияның жұмыс жоспарына сəйкес, Мысырдың əйгілі əл-Азһар университетінің Бас имамы, шейх Ахмед Тайып пен Рим Папасы Францисктің екі жақты кездесуі өтпек. 
Жоғарыға