Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Иман жастары" мұқтаж жандарға азық үлестірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен, бүгін Атырауда қайырымдылық шарасы өтті.

      Орталық "Иманғали" мешіті жанынан құрылған "Иман жастары" еріктілері көп балалы отбасыларға және мұқтаж жандарға азық-түлік пакетін үлестірді. Барлығы жеті отбасына азық-түлік таратқан "Иман жастары" еріктілері ең қайырлы амалдың садақа беру екендігін айтады.

         "Жақсылық жасап, қайырымдылық көрсетуде – Алла разылығы көзделуі тиіс. Сол үшін мұсылман баласы пенделік мақсатты көздеп емес, тек қана Алла ризалығын мақсат тұтып қайырымдылық жасауы керек. Біздің мақсатымыз - қоғамды игілікті істер жолында біріктіру" дейді орталық "Иманғали" мешітінің наиб имамы, "Иман жастары" еріктілерінің жетекшісі Мұрат Мұстафаев.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.  

Жоғарыға