Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Көп балалы анаға қолдау көрсету мәселесі қаралды

Көп балалы анаға қолдау көрсету мәселесі қаралды

 

islam-atyrau.kz/8 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде көп балалы аналарды жан жақты қолдау шаралары қолға алынып жатқаны белгілі.
 
Осы ретте, Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан "Мәулімберген" мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен жергілікті белсенділер Кеңөзек селосының әкімі Ернар Өтешқалиевтың қабылдауында болып, көп балалы ана Гүлмира Қадырованың мәселесін көтерді.
 
 
"Қазіргі таңда көп балалы ана Тасқала ауылында үй жалдап тұрады. Әлеуметтік жағдайы өте қиын. Жолдасы кезінде істі болып, қазіргі таңда түзеу мекемесінде жазасын өтеп отыр. Біз ауыл әкімі Ернар Өтешқалиевтың қабылдауына барып, көп балалы ана Гүлмира Қадыроваға шұғыл арада әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін көтердік. Жағдай біздің бақылауымызда болады. Мұқтаждарға көмектесудің өзі исламның өзегі болып табылады. Ендеше, мұндай жандар біздің назарымыздан тыс қалмауы тиіс" дейді "Мәулімберген" мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.
 
Атырау қаласы, Тасқала ауылы, Кеңөзек селолық округінің әкімі Ернар Өтешқалиевтың қабылдауына барған азаматтардың қатарында "Оралман Жайық" қоғамдық ұйымының жетекшісі Құдабай Қаржауов, қоғам белсендісі Сағытжан Құлмаханов бар.
 
"Мәулімберген" мешітінің баспасөз-қызметі.
 
Жоғарыға