Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға 500 мың теңге көлемінде зекет таратылды

Әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға 500 мың теңге көлемінде зекет таратылды

 

islam-atyrau.kz/26 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен, қайырымдылық акциясы өтті.

 

"Зекет" қоры жанынан әлеуметтік жағдайы төмен жиырма отбасының әрқайсына 25 мың теңгеден барлығы 500 мың теңге қаражат таратылды.

 

"Зекет беру - исламдағы бес парыздың бірі. Қайырымдылық іске Атыраудың жергілікті азаматы ұйытқы болды. Аты-жөнін атамауды сұраған ол азаматқа Алла разы болсын. Асылында, Алла Тағала Құранда өзінің әмірлерін орындап, тыйған тыйымдарын жасамаған құлдарын ақыретте сый-сыяпатқа кенелтіп, өзінің мархаметіне бөлейтіндігі турасында сөз беріп, уәде еткен. Зекет те Алла Тағаланың бұйырған әмірлерінің біреуі, сондықтан орындаушысы уәде етілген сый-сыяпатқа кенеліп, Алланың ризашылығына кенелері сөзсіз. Сонымен қатар, 3екет - Тәубе сүресінің 103-аятында білдірілгендей күнәлардын кешірілуіне себеп. "Олардың малдарын көбейт және өздері күнәлардан тазалануы үшін мұсылмандардың малдарынан садақа ал деген" деп атап өтті Бас имам Батыржан қажы Берденұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарыға