Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Жемқорлықтың исламдағы үкімі қандай?

Жемқорлықтың исламдағы үкімі қандай?

 

 

 islam-atyrau.kz/13 сәуір, 2019 жыл. "Шапағат" деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Молла Қанағатұлы Рахматолла Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітке келіп, уағыз насихат жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық және оның салдары туралы уағыз айтқан теолог Молла Қанағатұлы Рахматолла шариғатта жемқорлықтың харам екендігін айтты.

"Алла Тағала "Бақара" сүресінің 188-аятында: "Араларыңдағы малдарыңды арам жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлігін жеу үшін билерге апармаңдар",-делінген. Мұндағы аят жолында мағынасы ашық келген.

Мінеки, Алла Тағаланың сыбайлас жемқорлыққа тыйым салғанына бірден-бір дәйек - осы аят болмақ. Сол сияқты парақордың тапқан табысы - арам екендігін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына бір хадисінен анық көруге болады. Ибн Бурайда (р.а) әкесінен жеткізген хадисте: "Үш түрлі қазы болады, олардың екеуі тозақта, ал біреуі жұмақта. Өз дегенін орындаймын деп үкім шығарған және білімсіз бола тұра үкім шығарған қазылар - тозақта. Ал, әрдайым шындыққа жүгінген қазы - жұмақта", - деп атап өткен теолог жамағатты адал жолмен жүруге үндеді.

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға