Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Жұлдыз мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

Жұлдыз мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

islam-atyrau.kz/16 сәуір, 2019 жыл. Қасиетті Рамазан айына жиырма күн қалды. Күллі мұсылман қауым асыға күтетін қасиетті Рамазан айына Атырау мешіттері дайындықты бастап кетті.

Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте сенбілік өтті. Сенбілік кезінде ағаштардың түбі қопсытылып, әктелді. Аула ішінде толықтай тазалық жұмыстары жүргізілді.

            Игі бастамаға мешіт қызметкерлерімен бірге, жамағат атсалысты.

«Мұсылман елдерінде миллионерлер мешіт тазалап тұрады. Алланың үйінің күйін түзеген жандарға жəннатта сый бар. Бұл жайында хадистер де бар. Игі іске атсалысқандарға Алла разы болсын» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға