Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау мешіттерінде жамағатқа ораза кестесі таратылды

 islam-atyrau.kz/3 мамыр, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың тапсырмасымен, бүгін Атырауда және аудан, ауылдардағы мешіттерде жұма уағызында ораза кестесі таратылды.

Мәселен, бір ғана Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте ораза кестесіжұма намазына келген барлығы 500 адамға үлестірілді. «Аллаға шүкір, уақыт өткен сайын имандылыққа бет бұрып, ораза ұстаушылар қатары көбейіп келеді. Ораза ұстауға бекінген кез-келген мұсылман баласы өзін мазалаған сауалдар бойынша мешіт имамдарына келіп кеңес ала алады. Барлық мәселелерге шариғи тұрғыда түсінік беруге дайынбыз» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев.

Еске сала кетелік, қасиетті Рамазан мамырдың 6-сы күні басталады. Бұл жолы ораза – 30 күн. Пітір садақа мөлшері – 300 теңге. 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн  - қасиетті Қадір түні. 5 маусымда жергілікті уақытпен 7.00-де Айт намазы оқылады.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі

Жоғарыға