Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жазғы сауат ашу курсының шәкірттері үшін ерекше рухани сағат ұйымдастырылды

            islam-atyrau.kz/4 шілде, 2019 жыл.  Орталық «Иманғали» мешіті жанында жұмыс істеп жатқан жазғы сауат ашу курсының шәкірттері үшін ерекше рухани сағат ұйымдастырылды.

            Аталмыш курста білім алып жатқан ер балалар үшін өткен рухани сағатта орталық «Иманғали» мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев ата-ананы қадірлеу, тәрбиелі, тәртіпті болудың маңызы туралы уағыз айтты. «Ата-ана бала үшін бар жақсылықты жасайды, оның ауыры мен жеңіліне, ыстығы мен суығына төзіп, бел ауыртып жұмыс жасап баласын бағып, қағады. Бұл туралы Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Алла Тағалаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен, Алла тәкаппар, мақтаншақтық жақсы көрмейді» (Ниса сүресі 36 аят). Ендеше, адамның дүниеге келуіне себепкер болып, жетілуінде ерекше рөлі бар ата-аналар ең әуелі құрмет көрсетілуі тиіс аяулы жандар» деген ұстаз Мұрат Мұстафаев шәкірттерді мешітте ғана емес, күнделікті өмірде де сабырлы, тәртіпті болып жүруге үндеді.

           

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға