Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қабыл алды (+ВИДЕО)

   islam-atyrau.kz/12 шілде, 2019 жыл. Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров Абай өлеңдерін оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алды.

"Абай дана, Абай дара қашанда. Бұған дейін Атыраудағы "Шапағат" жас ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының дінтанушы маманы Ернар Абзалов  Абай өлеңдерін оқу эстафетасын маған жолдаған болатын. Бұл эстафетаны жалғастыру мен үшін зор құрмет әрі мәртебе" дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров.

"Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз  ешуақытта жалған болмас,

Көп кітап келді Алладан оның төрті,

Алланы танытуға сөзі айрылмас.

Әманту оқымаған кісі бар ма?

Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?

Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,

Жарлықпен ол сіздерге, сіз де оларға..."

Осынау өлең жолдарынан үзінді оқыған Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров эстафетаны Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевке жолдады.

Еске сала кетелік, Абай атамыздың 175 жылдық мерейлі датасына орай Абай өлеңдерін оқу челленджін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ләйлім Шырақ есімді балдырғаннан қабыл алған болатын. #Abai175#

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Медиа

Жоғарыға