Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жылыойда жамағат арасында волейболдан турнир өтті

 islam-atyrau.kz/28 шілде, 2019 жыл.   Жылыой ауданының орталық мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында волейболдан жарыс өтті.

Екі күнге созылған сайыс бүгін өз мәресіне жетті. Тартысты өткен бәсекеде барлығы он екі команда бақ сынасты.

"Жылыой мешіті", "Иман жастары", "Каспий. кз", "Шоқпартоғай", "Қосшағыл", "Ембі", "Барлаушы", "Ақкиізтоғай, "Береке", "Муслим", "Жаңа Қаратон" және "Құлсары" командалары қатысқан волейбол турнирінде "Жылыой мешіті" барлық командалардан басым  түсіп, бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарды "Береке" мен "Барлаушы" командалары өзара бөлісті. Барлық қатысушы командаларға бағалы сыйлықтармен кубок, диплом табысталды. Жарыстың мақсаты - жамағат арасындағы бауырмашылдықты арттыру болатын. Сайыс талап үдесінен шыға алды" дейді аталмыш турнирді ұйымдастырушы "Жылыой орталық мұсылмандар мешітінің" ұстазы Думан Балықшиев.

 

Орталық "Иманғали"мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Жоғарыға