Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау: Құрбан айттың алғашқы күнінде 800-ге жуық отбасыға қамқорлық көрсетілді

  islam-atyrau.kz/12 тамыз, 2019 жыл.  Қасиетті Құрбан айттың алғашқы күнінде Атырау мешіттерінде 766 отбасыға құрбан малының еті таратылды.

Құрбандыққа шалынған мал еті негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлыққа мұқтаж отбасыларға үлестірілді. Мейірім мен бауырмалдылыққа үндейтін мереке күні Атыраудың бас мешітінде 300 отбасына, Сұлтан Бейбарыс мешітінде 200 отбасына құрбан малдың еті таратылды.

Атырау қалалық Құспан молла мешітінде 133 отбасыға, Әт Тақуа мешітінде 43 отбасыға, Мәулімберген, Атырау және Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттерде барлығы 90 отбасына ет таратылды.

Ұлық мереке құрметіне қайырымдылық шаралары бүгін және ертең де жалғасады.

         Еске сала кетелік, 11 тамыздан бастап күллі мұсылман әлемі қасиетті Құрбан айт мерекесін қарсы алуда.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға