Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Мектепке жол»: Құлсары қаласында 300 балаға көмек көрсетілді (+ВИДЕО)

   islam-atyrau.kz/26 тамыз, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Жылыой аудандық «Жылыой мұсылмандар» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Бұл шара аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан 300 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толтырылған мектеп сөмкелері табысталып, үлестірілді.

Шараның жоғары деңгейде өтуіне Теңіз кентіндегі KTL мекемесі өз үлестерін қосты. 

Ерекше атап өтерлігі, Құлсары қаласында өткен қайырымдылық акциясына Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы арнайы келіп қатысып, бүлдіршіндерге сыйлықты өз қолымен табыс етті. Білім алудың артықшылығына, аталмыш шараның мән-маңызына тоқталған Бас имам Батыржан Мансұров жаңа оқу жылына аяқ басқан бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары  Қахарман Дәуренұлымектеп оқушыларына келелі кеңестерін айтты. KTL мекемесінің басшысы Қадырбек Тілегенұлы үлкен азамат болып қалыптасу жолында үнемі ізденіс пен еңбектің керек екендігіне тоқталды.

Ата-аналар қауымы Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев бастаған ұйымдастырушыларға жүрекжарды тілектерін білдірді.

 

 «Жылыой мұсылмандар» мешітінің баспасөз-қызметі.

Медиа

Жоғарыға