Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам тікелей эфирде көрермен сауалдарына жауап берді

islam-atyrau.kz/14 қыркүйек, 2019 жыл.   Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров жергілікті "Атырау" арнасында тікелей эфир қонағы болды.

Бірнеше жылдан бері тікелей эфирде көрсетіліп келе жатқан "Иман нұры" бағдарламасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас  имамы Батыржан Мансұров  діни сенімнің маңызы туралы сұхбат берді.

 «Ислам бейбітшілік, Алланың заңдарына мойынсыну, бағыну  болып табылады. Ал, шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсұну, Алланың алдында парыздарды орындау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман. Ал, шынайы мұсылман өзгеге тілімен де, ісімен де зиянын тигізбеген адам. Қазіргі таңда қоғамға керегі осы қасиет" деп атап өтті ұстаз Батыржан Мансұров.

Тікелей эфир барысында ұстаз көрермендерден келіп түскен сауалдарға жауап берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға