Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Әт Тақуа мешітінде жастарға арналған отырыс болып өтті

Әт Тақуа мешітінде жастарға арналған отырыс болып өтті

  islam-atyrau.kz/9 қазан, 2019 жыл.  Атырау қаласындағы Әт Тақуа мешітінде жастарға арналған отырыс болып өтті. Онда «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жақсы көрген жастар» тақырыбы талқыланды.

Жастарды қоғам тыныштығын сақтауға, береке, бірлікке үндеген Әт Тақуа мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) және сахабалар өмірінен мысалдар келтіріп, үлгі етті.

Хадис шәріпте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Әрбір жаңа туған нәресте фитрамен (яғни, пәк жаратылған халінде) дүниеге келеді», – дейді.

Егер ата-ана перзентінің пәкиза жаратылысына көңіл бөліп, оны әрмен қарай дамытса, Ислам мәдениетін, этикасын сіңіре отырып тәрбие берсе, Алланың әмірлерін орындауға үйретсе, онда бала да құнарлы жерде өскен түзу, жемісті ағаш секілді тамырын тереңге жібереді.

Жастардың өмірімізде алатын орны ерекше екендігі шүбәсіз. Егер жас буынымыз салиқалы да қайратты болып өссе, олар мұсылман үмбетін қайта жаңғыртып, Отанымыз Қазақстанның лебін дүниенің төрт тарапына еркін тарата алады. Өйткені, Алла Тағала жастарға қажымас қайрат, таусылмас күш-қуат пен ұшқыр ақыл бергендігі белгілі» деді Әт Тақуа мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі.

Жоғарыға