Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам қайырымдылық мекемесінің құрылысымен танысты

   islam-atyrau.kz/28 қазан, 2019 жыл  Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мұнайлы өлке орталығында салынып жатқан қайырымдылық мекемесінің құрылысымен танысты. 

   "Қайырымдылық мекемесі мұсылмандық кеңінен қанат жайған әсіресе, еліміздің батыс өлкесіне керек. Бұл мекеме иманды жігіттерді, ибалы қыз балаларымызды тәрбиелеп шығару жолында аса маңызға ие болады. Және болашақта мешіттің сауатты жамағатының қатарын арттыруда да мұндай діни ілім беретін мекемелердің ролі зор. Сондықтан, біздің қазіргі мақсатымыз қайырымдылық мекемесінің құрылысын межелі уақытында аяқтап, қолданысқа енгізу" деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

 Атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрген Бас имам кейін жергілікті Мəулімберген мешітіне барды. Мешіттің ішкі жұмыстары туралы толыққанды ақпарат алғаннан кейін Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы бірлікте, ынтымақта жұмыс істеу, қайырымдылық жұмыстарға көбірек көңіл бөлу мəселелеріне назар аударды. "Сонымен бірге, шəкірт оқыту, білімді мамандарды тəрбиелеу туралы тапсырмалар берілді. Жəне мешіттің ішкі тазалығына мəн беру, əсіресе дəретхана тазалығы мəселесі ерекше көтерілді. Біздің мақсатымыз - ізгілікті насихаттау" дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға