Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Махамбет ауданында қайырымдылық акциясы өтті

Махамбет ауданында қайырымдылық акциясы өтті

  islam-atyrau.kz/30 қараша, 2019 жыл.  Махамбет ауданының орталық мешітінде Мәуліт мерекесінің құрметіне қайырымдылық акциясы болып өтті.

Бір сәтте жиырма отбасына азық-түлік пакеті табыс етілді. Негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін отбасылар қамтылған шара осылайша қамкөңіл жандарға жүрек жылуын сыйлады.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі жұмыс бағыттары қатарында қайырымдылық саласы да бар. Мешітіміз мейілінше қамкөңіл жандардан қамқорлықты аяған емес. Мәуліт ізгіліктің, рақымның, адамгершіліктің айы. Себебі, бұл қасиеттер әркез Алла Елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с) бойынан табылған ізгі қасиеттер. Біз Мәуліт айының құрметіне осындай акция ұйымдастыру арқылы, қоғамға ой тастағымыз келді" дейді Махамбет ауданының бас имамы Ержан Насихатұлы. 

 

  

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Жоғарыға