Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Сансызбай Құрбанұлы Ислам институтында дәріс оқыды

   іslam-atyrau.kz/17 қаңтар, 2020 жыл. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі  Сансызбай Құрбанұлы Алматыдағы ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтына ат басын бұрды.

Сансызбай Құрбанұлы Ислам институтында білімін жетілдіріп жатқан имамдармен жүздесіп, тәлімі мол дәріс өткізді.

«Бұл институтта еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған имамдарға тереңірек білім беріледі. Бұл өте маңызды. Арыстардың бәрі ауылдан шыққан. Соныдқтан ауыл-аймақтардағы имамдардың діни сауатының мол болуы қажет. Осы бағытта аянбай еңбек етіп жатқан Ислам институты ұжымының жұмысына береке тілеймін» деп атап өтті Сансызбай Құрбанұлы.

 
Жоғарыға