Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Таблиғ жамағатына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Еліміздегі ең ірі діни ағымның бірі саналатын «Таблиғ» ұйымына уағыз-насихат жүргізу, пікірлесу мақсатында «Иманғали» орталық мешітінде «Діни сауатсыздық –  экстремизм бастауы» атты кездесу өтті.

 

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырылған басқосуды ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров жүргізіп, Ислам дінінің ұлтты тұтастырушылық құндылықтарына тоқталып өтті. Бұл ретте «байырғы қазақ елі дәстүрімен біте қайнасқан асыл дінімізді насихаттай отырып, экстремистік ағымдармен  күресу, оның алдын-алу – бүгінгі қоғам тәрбиесіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Ел бірлігі қашан да ұрпақ тәрбиесімен тікелей байланысты», – деді ол өз сөзінде.

 

Сондай-ақ, шарада облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы Қаһарман Мұсаев, қалалық прокуратураның бөлім басшысы Еркебұлан Ермеков, «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директоры, теолог Қанат Жұмағұл, сондай-ақ, директор орынбасары Айбек Аташев сөз алып, жат ағым идеологиясымен күресу елдігіміздің ертеңі іспетті берекеміз бен бірлікті сақтау мақсатындағы амалдардың бірі екенін айтты. Қасиетті Құран-Кәрім және пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерін негізге алып, елжандылыққа үндейтін пікірлері мен өз тұжырымдарын ортаға салды.

 

 

 

 

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі 

Жоғарыға