Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Дін саласының білгір маманы Шейх Мухаммед Хусейн Алсабеков «Иманғали» мешітінде дәріс оқыды

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Алла үйін арнайы зиярат етумен келген ұстаз, әуелі мешіт имамдарымен кездесіп, өз кеңесін беріп, ҚМДБ тарапынан тапсырылған жұмыстарымен танысып шықты. Бас имам Б.Берденұлы мешіт тынысымен таныстырып, аймақтағы діни ахуалдың мән жайын баяндады. Сонымен қатар Шейх Мухаммед Хусейн Алсабековке мешіт қызметкерлерінің бөлмелері мен мешіт кітапханасын таныстырды. Арнайы мешітімізге табан тіреген Шейх Мухаммед Хусейн жамағатты діни кітап қорымен қамтамасыз етуді жолға қойған бас имамға ризашылық сезімін білдірді. Және дәрісханаларды тамашалау үстінде халыққа қызмет етіп жүрген молдаларға арналған курсқа тұспа-тұс келген Шейх Мухаммед Хусейн Алсабеков сабаққа қатысып, дәріс оқыды.

Шейх Мухаммед Хусейн Алсабеков дәріс барысында «Алғашқы аяты «Оқы!» деп, оқуға бұйыратын Ислам діні білімге негізделген ілім діні десек, артық айтпағанымыз. Олай дейтініміз – қасиетті Құраннан бастау алатын пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті де үмметін тал бесіктен жер бесікке дейін ілім іздеуге шақырады. «Білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар», - деп көңіл қалауына еріп, өз бетінше амал етуден сақтандырады. Оның мәнісі – бір адамның қателігінен күллі қоғамның зардап шегіп, тура жолдан адасуына жол бермеу. Міне, сол сияқты сіздер де торқалы той, топырақты өлімге қатысып, халыққа қызмет етіп жүрген ел сенімінің айнасы іспетті дін саласының өкілісіздер. Сіздер көпке үлгісіздер. Діни сауаты жоқ халық сіздерге қарап алақан жайып, сіздерді үлгі тұтады. Сондықтан да ілім жетілдіріп, білмегенді білуге ұмтылудың айыбы жоқ. Білім алған сайын адамның иманы күшейіп, қоғамға сын көзбен қарайды», -  дей келе, оқуға құштарлық танытып, мешіттен білім іздеген молда қарияларымызға өз атынан алғыс айтты. Сөз соңында жеті жасар баладан жетпіс жастағы қарияға дейін есігін айқара ашып, ізгілікке үндеуде оқу-ағарту ісін ойдағыдай жүргізіп отырған мешіт ұжымына оң бағасын берді. 

 

«Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі

Жоғарыға