Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам сұхбат берді

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Биыл, 2016 жыл – халықаралық ЮНЕСКО деңгейінде тойланатын «Қожа Ахмет Ясауи жылы». Бұл ретте ғұлама мұрасын ұлығылап, насихаттау ісін жандандыруды түбі бір түркі дүниесі бірінші болып қолға алып, дайындық шараларын бастап та кетті.

 Өздеріңізге белгілі болғандай, осындай ұлық мерейтой қарсаңында Атырау облысы Дін істері басқармасы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қоры «Ясауи аманаты» атты деректі фильм түсіруді қолға алды.

Осы орайда «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Ясауи мұрасына қатысты өз пікірін білдіріп, сұхбат берді. Бас имам өз сөзінде «Қ.А.Ясауи – өзінің саналы ғұмырын түркі жұртының игілігіне арнап, халқымыздың әдеби-мәдени өмірінде өз қолтаңбасын қалдырған ірі тұлға. Оның даналық хикметтері – ұлттық руханиятымыздағы Жаратушы Алла Тағалаға деген шексіз сүйіспеншілікті паш ететін өркениет мұрасы. Өзі өлсе де өлмес мұрасының өміршеңдігі де – осында, ақиқаттан бастау алатын пенделік пиғылдан ада саф тазалығында», - деп, ойшыл мұрасының өскелең ұрпаққа өнеге боларлық тағылым-тәрбиелік мәніне тоқталды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта түсірілім жұмыстары жүргізілуде. Қазақ руханиятына үлкен дүние болып қосылатын деректі фильм алдағы уақытта көрермен назарына ұсынылмақ.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

 

баспасөз қызметі

Жоғарыға