Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қабір – ақыреттік мекен

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Адамзат жаратылғаннкан бері неше замандар өтпеді?! Өткен ұрпақтың орнын келер ұрпақ басып, замана ағысы тоқтаусыз соқпақ жолмен бірнеше ғасырды артқа тастады. Бізге дейінгі буындар, бізден кейінгі буындардың баратын жері бір, ол – Алланың есеп күні. Бұл дүние жалған пәни деген ата-бабаларымыз жалған өмірден бақилыққа аттанып кете барды. Иманның алты шартының бірі қайта тірілетін күнге сену. Қайта тірілетін күнге дейінгі әлемді барзах әлемі, яғни қабір әлемін айтады. Бізден бұрын өткен адамдардың барлығы қабір әлемінде қайта тірілетін күнді күтіп жатыр. Әлбетте, өлім – әрбір тірі адамның бұл пәни дүниедегі соңғы сәті, осыған байланысты Алла Тағала Рахман сүресінің 26-27 аятында: «Бүкіл жер жүзіндегілер жоқ болады. Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт  Раббыңның жүзі ғана қалады», – дейді.

Сондай-ақ, қабір о дүниеге кірер есік. Пайғамбар (с.ғ.с): «Әлбетте қабір – Ақыреттегі алғашқы мекен» деп айтқан. Хазреті Осман ибн Аффан (р.а) қабір басына барған кезде көзінен жасы парлап жылайтын еді. Бірде одан «Жұмақ пен тозақ жайлы айтқан кезінде жыламайсың да, қабір басына келгенде неге жылайсың?» деп сұрапты. Сонда Осман (р.а): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әлбетте қабір мекен жайлардың алғашқысы. Егер иесі қабір азабынан құтылса, қабірдегі жағдайлардан жеңілірек болады, ал құтылмаса одан да қиын кейінгі сынақтар болады» деп айтқанын естіген едім», депті. Тағы бір хадисте: «Расында қабір жұмақтың бау бақшаларынан бір бақша немесе тозақ шұңқырларынан бір шұңқыр»  деген. Өлім анығында барлығымызға келіп жетеді. Өлімді әрбір тірі жан еріксіз мойындайды. Өлімнен кейінгі өмірді адамдардың көпшілігі мойындағысы келмейді немесе аса қатты мән бермейді. Бірақ Аллаға шынайы иман келтірген адам қалтқысыз сенеді. Аллаға сеніп бірақ қабір әлеміндегі жағдайларға сенбесе, иманы кәміл болмайды. Бұл – дүние бізге сынақ алаңы, белгілі бір уақытқа дейін тұрақтайтын мекен. Алла Тағала Құран Кәрімнің Зариат сүресінің 56 аятында: «Біз жындар мен адамзатты өзіме құлшылық қылу үшін жараттым», – деген.  Бұл дүниедегі келу мақсатымыз Алланы тану, Оған құлшылық ету. Ертең қабірге түскен уақытымызда бізбен бірге тек жақсы және жаман істеріміз кіреді.

Келесі бір хадисте: «Мәйіт қабірге көмілгеннен кейін біреуі Мункәр, екіншісіНәкир деп аталатын қара көк түсті екі  періште келеді де, қабірдегі кісіге: «Анау Мұхаммед (с.ғ.с.) деген кісі жайында не айтасың?»деп сұрайды. Ол: «Ол Алланың құлы және Елшісі. Алладан басқа  тәңір  жоқ,  Мұхаммед  Оның  құлы  және  Елшісі екендігіне куәлік етемін»,деп жауап береді. Бұдан кейін екі  періште:  «Біз  сенің  осылай  айтатындығыңды  біл- ген едік»,дейді. Соданкейінолароныңқабірінжетпісқұлаш  кеңейтеді.  Кейінірек  ол  мәйіттің  қабірін  жарыққылады. Еңсоңындаперіштелермәйітке: «Жат, ұйықта»,  дейді. Періштелероған: «Сентөсектесболған (әйелің) жәнеең  көпжақсыкөргенкісіжағынанояндырылатынмахшаркүніне  дейінұйықтайбер», дейді. Егерөлгенкісімунафиқболса,  періштелергебылайдепжауапбереді: «ЕлдіңМұхаммеджайындабірнәрселерайтқанынестідім. Мендесоларсияқтыайттым. Оданбасқаештеңебілмеймін». Періштелероған: «Осылайдейтініңдібілгенедік», деседі. Соданкейінқара  жерге: «Мынаадамдысығаалғаныңшасық», дейді. Қаражеронысыққансайынсығатүседі. Сыққандығысоншалық, сүйектерісырқырапкетеді. Әлгібейбақмахшаркүнінедейінқабірдеосылайазапшегеді» (Тирмизи, Жәнәиз – 70).

Алла Тағала барша мұсылмандарды қабір азабынан, тозақ отынан сақтасын!

 

Нұрлан Жарқымбаев,

Құрманғазы ауданы

«Темірәлі» мешіті

Жоғарыға