Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Дін - тәрбие тірегі

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
Дін - тәрбие тірегі

Дін - тәрбие тірегі

 

                    Ұлы Раббымыз бізді жаратып қана қоймай, шексіз нығметтеріне бөлеп, мына жарық дүниеде бақытты ғұмыр кешуге, тиісінше ақыретте де Өзінің мейіріміне лайықты құл болуымызға толықтай жағдай жасап қойған. Алла Тағала Қасиетті Құранында баяндағандай, біз Оның нығметтерін қанша жүйрік есептегішпен санамалайтын болсақ та шегіне жете алмаймыз.

                    Дін – тәрбие негізі. Иә, бұған күмән жоқ. Ислам – ақиқат діні, яғни Алладан түскен және күні бүгінге дейін пәктігін жоймаған, қияметке дейін таза күйінде жететін Иллаһи дін. Сол себепті де тәрбиенің негізі осы ата дінімізде деп айтсақ, еш қателеспейміз.

                    Тарқатып көрейік. Алдымен, Алла Тағала адам баласын тек Өзіне ғана құлшылық қылуға шақырады. Өзінің жер бетіне жіберген бүкіл Пайғамбарларына иман келтіруге, түсірген қасиетті кітаптарына иланып, соған амал қылуға тәрбиелейді. Сенімдегі мәселелер өз алдына, Ұлы Жаратушымыз адамдардың өзара ақыларын да белгілеп, сол арқылы құлдарының арасына мейірім мен жылылық орнатып қойған. Мәселен, ата-анаға жақсылық жасауды өзінен кейін атаған. «Анаңа «түһ» деме» деген ұлы бұйрықты түсіндірген белгілі ислам ғалымдары «Анаңның қасында киіміңді де сілкіме. Өйткені одан шыққан шаң анаңның мазасын алуы мүмкін» деп тәпсірлейді. Асыл дінімізде әкеге құрмет көрсету жайы да айтылған. Өмірін тақуалықпен өткізген ізгілердің бірі шариғатымызда бұйырылған әке ақысынан қорыққанынан салқын күндері әкесінің таң намазына қажетті дәрет суын жылытуүшін түнімен су құйылған құтыны қойнына басып жатады екен.

                    Біз, қазақ халқы, қонақжай елміз деп жатамыз. Алайда, сол игі қасиеттің асыл дінімізден сусындаған ата-бабаларымыздан  дарығандығын мойындауымыз керек. Аллаға шүкір, туыстық құндылықтарға мән беруде де көптеген ұлттардың алдындамыз. Ал, Пайғамбарымыздың хадистерінде туыстық қатынасты үзген адамның Алланың рақымынан алыс болатындығы, керісінше, оны сақтаған адамға мол сауап жазылатындығы айтылған. Өкінішке орай жаһандана бастаған қазіргі қоғамда отбасы құндылығы, туыстық қарым-қатынас мәселелеріне сызат түсе бастағаны байқалады. Ал, иманды адам оның бәріне жіті мән береді. Әкенің, ананың, басқа да жақын-жуықтардың шариғатта белгіленген қақылары тиісті деңгейде өтеліп отырғанда қазір әр қалада бой көтеріп алған «Қарттар үйі», «Жетімдер үйі», «Аналар үйі» сықылды ғимараттар болмаған болар еді. Бұның өзі біздің әлі де болса рухани толысуымызды қажет ететіндей.  Өйткені, туралықты ту еткен бабаларымыз қандайма қиын кезеңдерде де қазіргі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда кездесіп жатқан «қап» дегізетін  әрекеттерге бармаған. Олар асыл дініміздің игі қағидаларын өмірлік серігі ете білді. Сол өнегеден ұрпақ санасына тәрбиенің гүлін екті.

                    Алла елімізге амандық, тыныштық нәсіп еткей!

 

 

Қ.Бақтығұлов

Махамбет аудандық «Исатай-Махамбет»

мешітінің наиб имамы

Жоғарыға