Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қасиетті Рамазан айының парыз етілуі

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Мұсылмандарға Рамазан айында ораза тұту xижреттің (Меккеден Мәдинаға көшу) екінші жылы Пайғамбарымыз салла Аллаһу алейһи уә сәлламға Бақара сүресінің жүз сексен үшінші аятының уаxи етілуімен парыз етілді. Ол қасиетті аятта былай делінген: «Ей, иман еткендер! Ораза тұту сіздерден бұрынғыларға парыз болғаны секілді, сендерге де парыз етілді» Имам Ахмад ибн Ханбалдың айтуынша xижреттен кейін мұсылмандардың ораза тұтуында мынадай үш өзгеріс орын алды: Біріншіден, мұсылмандар ораза тұту туралы Бақара сүресінің жүз сексен үшінші аяты түскенге дейін де әрбір айдың ортасында ай толған шақта үш күн және ашура күндері ораза ұстайтын. Ал, Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін толықтай Рамазан айында ауыз бекіту парыз қылынды Екіншіден, науқас және сапарда жүргендер мен қарттар, сондай-ақ, омырауында сәбиі бар аналар, өзге ауыз бекіткен мұсылманның ас-ауқатын берер болса, ораза ұстаудың орнын толтырған болып есептелді. Үшіншіден, мұсылмандарға ауыз ашып болғаннан кейін жұбайларына қосылуға рұқсат етілді. Демек xижреттен кейінгі екінші жылдан (624 ж) бастап Алланың разылығы үшін Рамазан айында ауыз бекіту мұсылман қауымына үйреншікті жәйт болып қалыптасты. Алла-Тағаланың разылығы үшін ораза тұту түпкі бабамыз Адам(а,с)-нан қалған ғибадат болып саналады. Одан бері қарай өмір сүрген барлық пайғамбарлар (а,с,м) және олардың соңынан еріп, хақ жолын ұстанған қауымдар да ауыз бекітіп, Ұлы Жаратушының разылығы үшін жан-тәнімен құлшылық қылған. Күллі мұсылман қауымына ортақ саналатын ораза ұстау ғибадаты осылайша бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Ержан Қағазғалиев "Иманғали" орталық мешітінің найб имамы.

 
 
 
Жоғарыға