Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Қазақстандағы діни секталар, олардың мақсаты

Қазақстандағы діни секталар, олардың мақсаты

Еліміздегі діни ахуалды баршамыз біліп те, көріпте жүрміз.  Қазіргі таңда бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып саналатын Ислам дінінің атын жамылған псевдасалафи ағымының өкілдері сан қилы бүліктер шығаруда. Олар өздерінің әртүрлі мақсаттарын Ислам дінінің атын жамылып, жүзеге асырып жатқандығы қынжылтатын жағдай.

Қазіргі таңда еліміздегі  псевдосалафи ағымының лидерлерін атар болсақ:

Мадхали бағытының уағызшылары – Ибн Таймия, Ибнул-Қайим, Мухаммед ибн Алдулуаххаб, Абдулазиз Ибн Баз, Мухаммед ибн Салих аль- Усаймин, Салих аль-Фаузан, Насриддин Албани. Олардың еліміздегі уағызшылары – Ділмурат Абу Мухаммад, Октам Зауырбеков, Тайыржан Ибрагимов.

Суруритбағытының өкілдері –Ибн Таймия, Ибнул-Қайим, Мухаммед ибн Алдулуаххаб, Абдулазиз Ибн Баз, Мухаммед ибн Салих аль- Усаймин, Салих аль-Фаузан, Насриддин Албани. Олардың еліміздегі уағызшылары – Дарын Мубаров, Дидар Ахмат.

Такфир бағытын жақтаушылар –Ибн Таймия, Ибнул-Қайим, Мухаммед ибн Алдулуаххаб, Абдулазиз Ибн Баз, Мухаммед ибн Салих аль- Усаймин, Салих аль-Фаузан, Насриддин Албани. Олардың еліміздегі уағызшылары – Халил Абдужаппаров.

Хаддадия бағытын ұстанушылар – Ибн Таймия, Ибнул-Қайим, Мухаммед ибн Алдулуаххаб, Абдулазиз Ибн Баз, Мухаммед ибн Салих аль- Усаймин, Салих аль-Фаузан, Насриддин Албани. Олардың еліміздегі уағызшыларыТағамбаев Берік, Руслан Абу Ибрахим.

Жоғарыда аты аталған уағызшылар Ислам дінінің қаймағын бұзып, елімізді адастырып, бүлік шығаруда. Бұлардың негізгі мақсаты –  бейбіт өмір емес, керісінше еліміздің билігіне, байлығына қол сұғып, іштен ыдыратып, тыныштығымызды бұзу. Сол себепті айбынды қазақ елінің тұрғындары өзімізді және  отбасымызды, бауырларымызды, қарындастарымызды  діни жат ағымдардан сақтанайық! Еліміз аман, дініміз берік, аспанымыз ашық болғай!

 

М.Омаров

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан

 жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы

Жоғарыға