Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Дұға жасап жүрудің артықшылығы неде?

Дұға жасап жүрудің артықшылығы неде?

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Оның игілігі мен сәлемі сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) оның отбасы мен сахабаларына болсын. Адамзат баласы дүниеге келгенде оның тағдыры жазылып қойылады.

Бірақ, соған қарамастан  бүкіл әлемді жоқтан бар еткен Алла адамға тағдырды өзгертуге мүмкіндіктер берген. Бұл жағдай пенденің дұға жасау арқылы мүмкін болады.

Алла Тағала айтты: " Менің пенделерім сенен Мен туралы сұраса

ақиқатында Мен оларға жақынмын, Маған дұға жасаса (тілек тілесе)

жауап беремін. Ендеше, оларда Менің əмірімді орындасын. Иман келтірсін, мүмкін олар тура жолға түсер" (Бақара-186).

Жəне Алла Тағала : "Немесе қиналғандар (қысым көргендер) Өзіне дұға қылып жалбарынғанда оған жауап беріп, жаманшылықты қайтаратын жəне сендерді жер бетінде орынбасар қылатын кім? Алламен қатар, басқа Тəңір бар ма? Өте аз естеріңе аласыңдар" (Нəмл-62).

Нұғман ибн Башир Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) былай дегенін айтты: "Шын мəнінде дұға – нағыз ғибадат!" Содан кейін ол мына аятты оқыды  жəне Раббыларың айтты:  "Маған жалбарыныңдар (дұға жасаңдар) Мен сендерге жауап беремін. Шын мəнінде, Маған ғибадат қылуға тəкəппарланатындар қор болған күйде тозаққа кіреді".  (Ғафыр – 60)

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген: "Аллаға дұға қылып жалбарынған əрбір мұсылманның тілегінде күнəлі немесе туысқандық байланысты үзетін нəрсе болмаса, Алла төмендегі үш түрлі сипаттағы жауаптың бірімен оның тілегін қабыл етеді. Ол оның тілегін тез арада қабыл етіп, сұрағанын береді немесе Ол оның тілегінің сауабын қиямет күнге қалдырады, я болмаса оның тілегіне орай тағдырында жазылған жамандықты алып тастайды".

Сонда сахабалар: "Ендеше біз көп дұға қыламыз" деді. Бұған Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Ал, Алла одан да көп береді" деп жауап қайтарды. 

 Дұғаның тағдырда жазылған жамандықты қайтаратынын ғұламалар былайша түсіндіреді: «Адамдардың дұға қылуының (тілек тілеп жалбаруының) өзі оның тағдырында жазылған нəрсе».

Əр нəрсенің себебі бар сияқты, дұға тағдырда жазылған жамандықтың қайтарылуына себепкер болады. Хадисте келтірген  бұл мəлімет дұға қылуға құштарлықты оятады, арттырады. Мысалы, толық иман келтірсең жəннəтқа баратының немесе жұмыс істесең табыс табатынын тəрізді, неғұрлым көбірек дұға қылсаң, соғұрлым өміріңнің жақсылыққа өзгеруіне ықпал етесің. Сонымен қатар, дұғаның тағдырдағы жамандықты қайтаруын былайша түсіндіруге болады, Алла Тағала біреудің маңдайына ауру жазса ал, ол адам шипа тілеп дұға жасаса, Жаратушы Раббымыз оны науқасынан айықтырады. Бұлай дұға қылу оның тағдырында жазылса да, дұға бейне бір тағдырдағы жамандықты қайтарғандай əсер қалдырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген: "Алла Тағала айтыпты: "(Иə) Адам баласы, сен Маған дұға қылып жалбарынуыңды жəне үміт артуыңды  тоқтатпайынша, қандай күнə жасағаныңа мəн берместен, Мен сені кешіре беремін".

Пенде осылайша Раббысына күнделікті жалбарынып дұға қылып жүрсе оның пайдасын міндетті түрде көреді екен.

Бейбіт АҒЫБАЕВ,

Зинеден Құрасұлы мешітінің бас имамы. Исатай ауданы.

Жоғарыға