Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Намазда басты иіп тұруға бола ма?

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
Намазда басты иіп тұруға бола ма?

Жауап: Намазда басты иіп тұру - қиямға еш зиянын тигізбейді. Сүннет пен құлшылықтың барлық әдебі сақталып оқылған намаз ғана кәміл намаз болып табылады. 

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құлшылықта болсын, күнделікті тұрмыс-тіршілікте болсын біз үшін ең үздік өнеге болып табылады.  

Сондықтан, шүбәсіз, құлшылықтың барлық әдебін сақтауды біз сүйікті Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйренеміз.  Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқанын былай жеткізген:

«Намазды мен оқығандай оқыңдар» (Бұхари, Азан, 18).

Бұған сүйенсек, намаздың әдебіне төмендегілер жатады: қиямда тұрғанда сәждеге барғанда маңдайымыз тиетін жерге қарап тұру; руқұғқа барғанда аяқтың бақайларына қарау; сәждеге барғанда мұрынға қарау; тәшәһһүд дұғасын оқу кезінде жамбасқа қарау; ал сәлем беру кезінде оң жақ және сол жақ иыққа қарау.

Жоғарыға