Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Суға бір нәрсе түссе ол ластана ма?

Суға бір нәрсе түссе ол ластана ма?

Ж: Шындығында Алла Тағала суды таза әрі тазартушы етіп жаратқан. Алайда аз болсын көп болсын лас, нәжіс заттар түссе су таза үкімінен айрылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) суды таза сақтауды бұйырған.  «Тұйық суға дәрет сындырып, онымен жуынбаңдар», «Кімде-кім ұйқыдан тұрса, қолын үш рет жусын. Өйткені ол ұйықтап жатқанда қолдарымен не істегенін білмейді» деген хадистері соны дәлелдейді. Егер де суға нәжіс зат түссе, онымен дәрет алуға да, ғұсыл құйынуға да болмайды.

 С: Нәжіс зат түскен хәуіз суының үкімі қандай?

Ж:  Егер үлкенірек су қоймасының бір шетіне нәжіс зат түссе, екінші шетіне дәрет алуға болады. Өйткені нәжіс зат екінші жағына жете қоймайды.                             

 С: Нәжіс түскен ағын судың үкімі қалай?                               

Ж: Егер нәжістің әсері көрінбесе, мұндай сумен дәрет, ғұсыл алуға болады. Өйткені су ағысы нәжісті бір жерде қалдырмайды.                               

С: Суға бір жануар түсіп өлсе, ол оны бұза ма?                                                                                              

Ж: Құс, жануар сияқты ағын қаны бар хайуанаттардың суда өлуі су тазалығын бұзады. Ал, суда өмір сүретін балық, бақа, шаян сияқты және ағын қаны жоқ  қоңыз, шыбын, шаян сияқты өлуі суды ластамайды.

Жоғарыға