Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Алла Тағаланың ең ұлы есімі қандай?

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
Алла Тағаланың ең ұлы есімі қандай?

Ұлы Есім – Алла Тағаланың барлық кемелдік сипаттарын қамтитын, ұлылығын, көркемдігін паш ететін есімі. Кімде-кім шын пейілімен Алла Тағалаға оның ұлы есімі арқылы дұға қылып, тілегін сұраса, иншалла, қабыл етеді.

Алайда, ұлы есімі мынау деп дөп басып айту қиын. Бұл туралы ғалымдар арасында пікірталас бар. Ұлы есімнің Өзінің көркем есімдерінің арасында жасыру Алла Тағаланың бір хикметі. Оны іздеу арқылы пенде Жаратушының көптеген сипаттарына қанық болады. Омар (р.а.) былай деген: «Алла Тағала алты нәрсені алты жерге жасырды. Өзінің разылығын тағат-ғибадатында жасырды. Ашу-қаһарын өзіне жасалған асылықта жасырды. Өзінің Ұлы Есімін Құранда жасырды. Қадір түнін Рамазан айларының түндерінің арасына жасырды. Орта намазды күнделікті бес намаздың арасында жасырды. Қиямет күнін күндердің арасында жасырды».

Кейбір ғалымдар ұлы есімге Алла, ас-Самад, әл-Хаййул-Қаййум, Зул-Жәләли уал-Икрам деген есімдерін жатқызған. Бірақ бәрін білуші бір Алла.

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ بُرَيْدَةَ عَنْ أَبِيهِ رضي الله عنه قَالَ:» سَمِعَ النَّبِيُّ صلى الله عليه وسلم رَجُلاً يَقُولُ :»اللهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ بِأَنَّكَ أَنْتَ اللهُ الأَحَدُ الصَّمَدُ الذِي لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ وَلَمْ يَكُنْ لَهُ كُفُواً أَحَدٌ«، فَقَالَ رَسُولُ اللهِ:»لَقَدْ سَأَلَ اللهَ بِاسْمِهِ الأَعْظَمِ الذِي إِذَا سُئِلَ بِهِ أَعْطَى وَإِذَا دُعِيَ بِهِ أَجَابَ .«رَوَاهُ ابْنُ مَاجَه فِي الدُّعَاءِ، 3857.

Абдулла ибн Бурәйданың (р.а.) өз әкесінен жеткізген риуаятында былай делінеді: «Бірде Пайғамбар () бір кісінің: «Уа, Алла! Мен Сенің Жалғыз, тумаған да, туылмаған да Мұқтажсыз, ешқандай теңдесі жоқ сипаттарың арқылы сұраймын», – деп айтып жатқан дұғасын естиді. Сонда Алланың елшісі (): «Шындығында бұл Алланың егер сұраса беретін, дұға қылса қабыл ететін ұлы есімімен сұрады», – дейді». (Ибн Мәже әд-Дұға кітабында № 3857 риуаят еткен).

عَنْ أَنَسِ رضي الله عنه أَنَّهُ كَانَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم جَالِسًا وَرَجُلٌ يُصَلّي ثُمَّ دَعَا:»اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ بِأَنَّ لَكَ الْحَمْدَ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ الْمَنَّانُ بَدِيعُ السَّمَوَاتِ وَالأَرْضِ، يَا ذَا الْجَلاَلِ وَالإِكْرَامِ، يَا حَيُّ يَا قَيُّومُ«، فَقَالَ النَّبِيُّ صلى الله عليه وسلم:»لَقَدْ دَعَا اللَّهَ بِاسْمِهِ الْعَظِيمِ الَّذِي إِذَا دُعِيَ بِهِ أَجَابَ وَإِذَا سُئِلَ بِهِ أَعْطَى«، رَوَاهُ أَبُو دَاوُد فِي كِتَابِ الصَّلاةِ 1495.

Әнес ибн Мәліктің (р.а.) риуаят етуінше ол Алланың елшісімен () бірге отырған кезінде бір кісі келіп, жандарында намаз оқып, артынан былайша дұға қылады: «Уа, Алла! Барлық мадақ Өзіңе лайық екендігімен, Өзіңнен басқа құдай жоқ екендігімен, Сый беруші, аспандар мен жерді көркем түрде жаратушы сипаттарыңмен сұраймын. Уа, ұлылық пен жомарттықтың Иесі! Уа, мәңгі тірі! Уа, Өздігінен тұрушы!». Сонда Пайғамбар (): «Шындығында бұл Аллаға Оның дұға қылса қабыл ететін, егер сұраса беретін ұлы есімімен дұға қылды», – деген. (Әбу Дәуіт ас-Салә кітабында № 1495 риуаят еткен).

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ يَزِيدَ رضي الله عنها أَنَّ النَّبِي صلى الله عليه وسلم قَالَ:» اِسْمُ اللَّهِ الأَعْظَمُ فِي هَاتَيْنِ الآيَتَيْنِ: ﴿وَإِلَهُكُمْ إِلَهٌ وَاحِدٌ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الرَّحْمَنُ الرَّحِيمُ﴾، وَفَاتِحَةُ آلِ عِمْرَانَ: ﴿ألم اللَّهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَي الْقَيُّومُ﴾«. رَوَاهُ أَبُو دَاوُد فِي كِتَابِ الصَّلاةِ، 1496.

Әсма бин Язидтің (р.а.) жеткізуінше Пайғамбар () былай деген: «Алланың ұлы есімі мына екі аятта: «Құдайларың – бір Құдай, Одан өзге құдай жоқ, Ол – аса рахымды әрі ерекше мейірімді» (Бақара, 163) және Әли Имранның басындағы – «Әлиф. Ләм. Мим. Алла – Одан өзге құдай жоқ, Ол – мәңгі тірі әрі өздігінен тұрушы». (Әбу Дәуіт ас-Салә кітабында № 1496).

 

Fatua.kz

Жоғарыға