Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Қалайша түсініспеушілікке барады?

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
Қалайша түсініспеушілікке барады?

Риуаят бойынша әзіреті Омар (р.ғ.) бір күні өз-өзіне былай сұрақ қояды:

“Пайғамбары бір болған Мұхаммед (с.а.у.) үмметі қалайша түсініспеушілікке барады?” Осы сұрақтың жауабын сұрау үшін Абдуллаһ бин Аббасқа хабар жолдап құзырына шақыртады да оған: “Бұл үмметтің Пайғамбары бір, құбыласы бір, кітабы бір бола тұра қалайша таласады?” – деп сұрайды. Абдуллаһ бин Аббас та былай деп жауап береді: “Әй мүминдердің әміршісі! Құран біздің кезімізде түсті. Біз оны оқыдық және түсіндік. Бірақ бізден кейін бір қауым келеді, олар Құран оқиды, бірақ не үшін түскендігін білмейтін болады. Осылайша түсініспеушілікке барады”.

 

«Мәзһаб туралы таным» кітабынан

 

Жоғарыға