Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


БЕС УАҚЫТ НАМАЗДА СҰРАЛҒАН ДҰҒА

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
БЕС УАҚЫТ НАМАЗДА СҰРАЛҒАН ДҰҒА

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірлік серігі, мүміндердің ардақты анасы Айша (р.ғанһа) былай дейді: 

"Бірде сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сондай жайдарлы, қуанышты отырғанын көрдім. Сосын мен: "Ей, Алланың Елшісі! Маған Алладан сұрап, бір дұға етіп қойсаңыз", - деп өтіндім. 

Алла Елшісі (с.ғ.с.) алақанын жайды да: "Иə, Аллаһым! Айшаның өткен жəне келешектегі күнəларын кешір! Ашық жəне жасырын күнəларын кешіре гөр!" - деп дұға жасады. 
Бұл дұғаға сондай сүйсініп, басымды Алла Елшісінің (с.ғ.с.) құшағына сүйедім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
- Иə, Айша менің мына дұғама сонша қуанып кеттің бе? - деді. 
- Неге мен қуанбайын иə, Алланың Елшісі?! Айшаның күнəларын кешір деп бір Алладан арнайылап дұға сұраған болсаңыз, - дедім.
Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.):
- Уаллаһи Айша! Алла атымен ант етейін. Бұл дұғаны əрбір бес уақыт намазымда үмметім үшін сұрап Аллаға жалбарынамын, - деді".

 

Жоғарыға