Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Үш түрлі адам

Үш түрлі адам

Тарық ибн Шиһаб (р.а.) әңгімелеуде:

«Бірде Сәлман Фарисидың үйіне барып, түнде қалай намаз оқитынын көргім келді. Түн ауа тұрды да кәдімгідей ғана намаз оқыды. Одан ерекше құлшылық күткен мен әлгіні азсындым. Менің күйімді түсінген болуы керек, өзі бастап мені сөзге тартты: 

– Бес уақыт намазға қатты мән бер. Адам баласы өте ауыр күнә жасамаса, бұл бес уақыт намаз ұсақ күнәларын жуып-шаяды. Адамдар кешке қарай үш түрлі болады. Түн кейбір адамдарға пайда, кейбіреуге зиян әкеледі. Енді біреуге пайда да, зиян да әкелмейді. Алғашқы топтағылар түн баласы көз ілмей ғибадат жасайды. Ал өздеріне кесір тигізетіндер түнделетіп түрлі күнә жасайтындар. Үшінші топтағылар, жылы төсекте таңға дейін қамсыз ұйықтаушылар. Бұларға зиян да, пайда да жоқ. Уа, Тарық, ақырын жүріп, анық бас, өзіңе қатты қинайтындай істерге аса құмартпа». 

"Тағылым тамшылары"

Жоғарыға