Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Күнәларымның көпітігі-ай!"

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
"Күнәларымның көпітігі-ай!"

Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.) әңгімелеуде:

Аллаһ елшісіне бір адам келді де:

–  Қап, күнәларымның көптігі-ай! – деп күйіне берді. Пайғамбарымыз оған:

–  «Аллаһ тағалам, Сенің мейірімің мен кешірімің менің күнәларымнан үлкен. Рақымың маған қателерімді кешер деген үміт береді» деп айт, – дейді.

Бейтаныс мұны сөзбе-сөз қайталады. Аллаһ елшісі тағы да қайталауын сұрады. Ол тағы қайталады. Аллаһ елшісі тағы бұйырды. Жігіт тағы қайталады. Сонда Аллаһ елшісі жігіттің иығына қолын қойып:

 

–  Тұра ғой, мейірімді Аллаһ сенің күнәңді кешірді, – деді.

Жоғарыға